This is one of the first podcasts in Kazakh language on iTunes. This daily show presents the content on personal development, productivity, positive thinking and more. Start your day fresh! Бұл аудио подкаст күн шуағымен жарыса оянып, күнін жаңа идеямен, қуанышпен бастағысы келетіндерге арналған. Күніңізді әдемі, қуанышты ноталармен бастағыңыз келсе, менің аудио шоуларым таптырмас шешім (уәде беремін)!
Episodes
Thursday May 14, 2020
#99. Сәуір айындағы таңдау: “Өнімділік жобасы” кітабы
Thursday May 14, 2020
Thursday May 14, 2020
Сәлем, қымбатты тыңдарман. Бұл 99-эпизод. Бүгінгі эпизодта Тамаша жыл кітап клубының сәуір айындағы таңдауы болған Крис Бэйлидің “Өнімділік жобасы” немесе “Мой продуктивный год” кітабы туралы әңгіме дүкен құрамыз. Бұл эпизодты жасауға маған клубымыздың екі мүшесі екі Динара көмек берді.
Автор өнімділікті арттыруға байланысты эксперименттер жүргізеді, мамандардан сұхбат алады және осы тақырыпқа қатысты зерттеулермен танысып, өзі үйренген сабақтарын бір кітапқа жинақтайды.
Бұл кітапта өнімділіктің барлық негізгі аспектілері қарастырылған. Бізді ойландыратын уақытты басқару, зейін, үзіліс, ұйқы, кофеин, интернетте көп уақыт жұмсау, алаңдаушылық және т.б. тақырыптар қарастырылған.
Тамаша жыл кітап клубының мамыр айындағы таңдауы:
✅ Мэттью Уолкердің “Зачем мы спим. Новая наука о сне и сновидениях” кітабы
✅ Əйгілі орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты (1933) - Иван Буниннің “Темные аллеи” əңгімелер жинағы.
Клубқа қосылу үшін инстграмдағы tamasha_zhyl аккаунтына хабарлама жіберіңіз.
Sunday May 03, 2020
#98. Қазақ тағамдарын күнделікті өмірге бейімдеу
Sunday May 03, 2020
Sunday May 03, 2020
Бүгінгі эпизодымыздың қонағы - Әлия Болатхан. Ол қазіргі уақытта "Заманауи Қазақстандағы тамақтану дәстүрі және ұлттық бірегейлік" атты ғылыми жоба шеңберінде зерттеу жүргізуде. Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ қоғамы қандай тағам түрлерін тұтынады, оның себебін, оны қашаннан бері тұтынып келе жатырмыз тәрізді сұрақтарға жауап ізделінуде. Зерттеу жұмысы соның ішінде тамақтану мәдениетіндегі ұлттық тағамдардың рөлін анықтауға бағытталған. Бұл эпизодта ұлттық тағамдарға қаншалықты мән берудеміз, оны тұтынамыз ба, неліктен ұлттық тағамдарды қазіргі қоғамға бейімдеуіміз керек және қалай бейімдей аламыз деген сұрақтарға жауап іздедік. Эпизод өзінің тамыры мен ұлттық бірегейілік тақырыбында ойланып жүрген жастарға, көпшілікке арналған.
Анықтама: Әлия - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Тарих институтының ғылыми қызметкері.
Sunday Apr 26, 2020
#97. Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге аудио-хат
Sunday Apr 26, 2020
Sunday Apr 26, 2020
Сәлем, бұл Тамаша жыл подкастының 97 эпизоды. Бүгінгі эпизод сіздермен біздерді байланыстырып, түсіністірген тамаша қазақ тілі туралы болмақ. Тіл бізді қажет етпейді, керісінше біз қазақ тілін керек етеміз деп жатады. Қазақ тілі туралы сан мың пікірі бар арамызда қанша адам бар. Бір жағынан қарасақ, әлемдегі 6500 тілдің бірі ғана. Онсыз да өміріңді қиындатпай, өмір сүре берсең болады. Әлемнің азаматы, әлемнің тілдерінің бірінде сөйлесең, әлемнің қанша мың есігі ашылады. Сенің алдында қанша мың есік ашылса, бір ғана ісікті әзер ашатын тілде менің қаншалықты жұмысым болуы керек? Ол сенің артыңнан қуатындай, одан қашуың мүмкінсің. Бірақ күндердің бірінде ол сені қумағанын, өзіңмен өзің қалғаныңды түсінесің. Өзіңмен өзің болған диалогта әлемдегі өз орныңды іздей бастайсың. Тамырыңның қайда екенін, бұл тірі ағзаны қайда бастап бара жатқанына назар аударасың. Кенеттен мыңдаған жылдар бойы сенің тамырыңның қалай дамығанын, сенің келесі ұрпақтарға өзіңді жалғастырушысы екеніңді түсінесің. Тілдің тарихты, әлем туралы көзқарасты, наным сенімді, мәдениетті, талғамың мен таңдауларыңның бәрін-бәрін шоғырландыратын, жинайтын ұлы күшін көресің. Тіл біріктіреді, бір бірімізді, алдыңғыларды, келесілерді түсінуге мүмкіндік береді. Кейде біздің елде бір бірі түсінбейтін қаншама лагерлер бар екенін көресің. Әрқайсысының өз догмасы, әлем туралы түсінігі бар. Бір бірін түсінбеулерінен талай талантты жоғалтып аламыз, жете көре алмаймыз, ортақ құндылықтар қалыптастыра алмаймыз.
Бүгін қазақ тілі туралы сөйлесеміз. Қазақ тілін үйретушілердің, үйренушілердің ойларын тыңдаймыз. Осы эпизодтан кейін өзіңізге сеніп, қазақ тілін бастасаңыз, жалғастырсаңыз, сапасын арттырсаңыз, ал кейін немесе қазір тілді жетік меңгерсеңіз, онда жаңа ресурстар құрастырсаңыз, бұл қандай керемет болар еді. Қазақ тілін үйренетін қауіпсіз орта жасай алсақ. Кейін энергияларымызды біріктіріп, ұлы істерге бастау болсақ, кім кедергі. Тіл алдымен бізді біріктірсе, кейін диалогтарымыз да оңай, түсінуіміз де жеңіл бола түседі.
Sunday Apr 19, 2020
#96. GTD: тайм-менеджмент жайлы
Sunday Apr 19, 2020
Sunday Apr 19, 2020
Getting Things Done (GTD) - танымал тиімділік жүйелерінің бірі. Осы әдісті қолдану арқылы миыңызды тазартып, сіз үшін маңызды істерге көңіл аудара аласыз; нәтижесінде ең тиімді істерге уақыт жұмсап, көбірек нәтижеге қол жеткізе аласыз.
Үнемі жұмысыңыз көп, бітпейтін тәрізді болып көрінсе, GTD сіз үшін таптырмас жол, себебі барлық ойды орталық жүйеге жинау арқылы өміріңізді өзгерте аласыз. GTD арқылы өміріңізде тыныштық орнайды, себебі хаос пен бітпес өрттер аяқталады. Өрт сөндіруші рөліңізден шығасыз. Бүгін сізді GTD жүйесімен таныстырмақшымын.
GTD (Getting Things Done) - бұл тиімді жұмыс істеу жүйесі және Дэвид Алленнің кітабының аты. Негізгі мақсаты - қажетті нәрсені істей білу, соңына дейін жеткізу, және сізге ұнайтын нәрсеге көбірек уақыт бөлу.
GTD-дің басты қағидасы- барлық ойды қағазға түсіру. Осылайша сіз миыңызды босатып, оның потенциалын жұмыс үшін пайдалана аласыз. Сіз өзіңіз бекіткен жүйеге 100% сенуіңіз керек және барлық тапсырмалар, идеялар мен жобалар туралы ойлар осында жинақталуы керек. Біраз уақыттан кейін құрған жүйеміз тұрақталып, сенімді болған кезде, біздің санамыз барлық қажет нәрсені бақылауын және үнемі еске салуын тоқтатады. Нәтижесінде стресс азаяды және қымбат уақытты тиімді ойлар мен істерге жұмсай аламыз.
Сізге мұндай жүйе керек пе? Келісесіз бе? Қағазы мен қарындашы бар әр бала мұны істей алады. Электронды құралдарды ұнатсаңыз, телефон мен компьютерді де қолданса болады.
Ең алдымен келесі тізімдерді жасау керек:
- Кіріс тізімі
- Келесі әрекеттер тізімі
- Күту тізімі
- Жобалар
- Бір күн / мүмкін тізімі
Бұл тізімдер GTD жүйесінің негізгі қаңқасын құрайды және үнемі қаралып отырылуы қажет. Қазір әр тізімді жеке-жеке талдаймыз.
Кіріс тізім
Басыңызға ойлар, істер мен тапсырмалар келген кезде кірістер тізіміне енгіземіз. Марсқа адамдарды ұшырғым келетіннен бастап сағатымды жөндеуге апарамынға дейін тізімге ену керек. Ойларды сұрыптамасаңыз да болады, барлық ойлар кірістер тізіміне ену керек. Ойларды кірістер тізіміне енгізуге кедергілер мейлінше болмағаны жөн. Кірістер үшін арнайы дәптер, блокнот бастасаңыз немесе телефонға жазсаңыз болады. Ең бастысы, ой басыңызға келе қалғанда, бірден түртіп алу керек. Сөйтіп, мидың жұмысын жеңілдетеміз.
GTD-ді алғаш рет қолдана бастағанда, басыңызды мың түрлі ойлардың болғанын байқасыз. Мидағы істеуім керек, істегім келетіндердің бәрін кіріс тізіміне енгізіңіз. Ең алғашқы күн кіргізуге бір сағат кетуі мүмкін. Бассейнге жазылуыңыз керек пе? Жаңа шалбар алуыңыз керек пе? Жолдан тәтеңізге соға кетуіңіз керек пе? Подкаст жазғым келеді дейсіз бе? Бәрі, бәрі кіріс тізімне ену керек. Мида бос, сенделіп жүрген ойлар болмауы керек.
Кіріс тізімін өңдеу
GTD-ді алғаш рет қолдана бастаған болсаңыз, бастапқы «миды босату» кезінде кірістер тізіміне бір тонна ақпарат жиналады. Ах, байқұс миымыз ай. Енді бұл ойлардың бәрін біртіндеп өңдеу керек. Кейін бұл жүйн қалыпты режимге айналғанда өңдеу процесі үздіксіз жүретін болады.
Ал өңдеуді бастайық. Тізімдегі элементтер жазылған реті бойынша бір-бірден өңделуі керек. Өңдеген кезде өзіңізге қояр бірінші сұрақ: “Әрекетті қажет ете ме? - Басқаша айтқанда, бұл ой бойынша бірдеңе істеу керек пе? Жауабыңыз ЖОҚ болса, келесі әрекеттерді істеңіз. 1. Сіз үшін қажеттілігі кетіп қалса, сызып тастаңыз. 2. «Маған бұл мақала, кітап бір күн керек болар » деген тәрізді ақпарат болса, анықтамалық материал ретінде сақтаңыз. 3. Немесе “италиян тілін үйренгім келеді” деген тәрізді ой болса, «бір күні / мүмкін тізіміне» қосыңыз 4. Ойды инкубациялау. Ой, кешіріңіз мені. Бәрі оңай деген сияқты едім. Шынымен де оңай. «Мен бұл мақаланы шынымен түсінбедім, екі аптадан кейін қайта оқимын” деген ой болса, міндетті түрде күнтізбеге енгізуі керек.
Сіз өңдеп жатқан элемент әрекетті қажет етсе, басқаша айтқанда: бұл ой бойынша бірдеңе істеу керек болса, «келесі әрекет қандай?» деген сұрақты қою керек. Сұрақтың жауабы келесі істелетін нақты әрекет болуы керек. Мәселен, “подкаст бастаймын” емес, “Ертең микрофон сатып аламын” , “Тақырыбына брейн сторминг” жасаймын деген сияқты нақты әрекеттер туындауы керек.
Келесі әрекет физикалық, нақты әрекет болуы керек - тіпті бұл GTD-дің ең маңызды «ережесі» десек болады. Мұндай нақты әрекеттер туралы ойлануға бірнеше секунд қана кетеді, есесіне болашақтағы тиімділігіңізге ерекше әсер ететін болады.
Келесі әрекетті анықтағаннан кейін, оны істеуге қанша уақыт кететін жоспарлау керек. Оны істеуге екі минуттан аз уақыт кетсе, онда дәл қазір істеңіз. Мәселен, «Досымның туған күнімен чатта құттықтау», “Гүласылға жазбаның көшірмесін жіберу” деген тәрізді. Мұның себебі қарапайым: әрекетті істеуге екі минуттан аз уақыт керек, бірақ оны келесі жолға қалдырып қойсаңыз, оның орындалуын қадағалауға істің өзінен қарағанда көбірек уақыт кетеді.
Әрекет екі минуттан көп уақытты алса, алдымызда бірнеше нұсқа бар. 1. Қажет болған жағдайда істі біреуге тапсырған жөн. Істі тапсырсаңыз, күту тізіміне
не және қашанға дейін тапсырылғандығы туралы ақпаратты енгізіңіз. 2. Өзіңіздің келесі әрекеттер тізіміне қосыңыз. Бұл істерді қолыңыз босай салған кезде орындайтын боласыз. Әдетте әрекеттердің көбі “Келесі әрекеттер тізіміне” кіреді. Ал, әрекетті орындау үшін көп қосымша іс әрекеттерді орындау керек болса, жобалар тізіміне де тиісті өзгертулер енгізілуі керек.
Қысқаша айтқанда осы.
«Келесі әрекеттер» тізімі
Келесі әрекеттер тізімі деген не? Ия, өзіңіз ойлағандай, сіздің келесі әрекеттеріңіздің тізімі. Бұл әрекеттердің тағы бір атауы - «мүмкіндігінше тезірек жасалатын іс-әрекеттер» .
«Күту» тізімі
Жұмысты басқаларға тапсырған кезде, адамдардан жауап күткенде, тапсырыс бергенде күту тізіміне міндетті түрде енгізу керек. Тапсырған, өтінген күніңіз, не күтесіз, қашанға дейін деген тәрізді ақпарат күту тізімінде болуы керек.
Жобалар тізімі
GTD бойынша жоба - бірнеше әрекетті қажет ететін кез келген мақсат. Бұл жобалар жобалар тізіміне енуі керек. Бұл тізім жай жоба тақырыптарының тізімі, қаласаңыз - жобалардың сипаттамалары мен нәтижелеріy де жазсаңыз болады. Жобалар тізімін қарастырған кезде, әр жоба бойынша кем дегенде бір әрекет шығару керек, осылайша жобалардың ешқайсысы ұмтылмайды.
“Бір күн / мүмкін” тізімі
Бұл тізімде қазір емес, болашақта жүзеге асырғыңыз келетін идеялар мен жобалар болады. Мұнда «италиян тілін үйренгім келеді» және «кітап жазамын» деген тәрізді ойларыңыз сақталады . Бұл тізім де апта сайын қарастырылып отыруы керек.
Күнтізбе
Күнтізбеде белгілі бір күні немесе белгілі бір уақытта істелуі керек әрекеттер, басқа ештеңе кірмейді. Мәселен, “сабақта берілген конструкцияны өзім жасаймын” деп, келесі сейсенбі сағат екіні белгілеудің қажет жоқ.
Күнтізбеге уақыт бойынша икемді емес элементтер салынады. Мысалы, дәрігердің қарауы, кездесу уақыты, лекция өтетін кез т.б. Ал қалған істегіңіз келетін, бірақ уақыт бойынша икемді әрекеттер келесі әрекеттер тізімінде болады. Сондықтан оларды уақытыңыз бола қалған кезде істейтін боласыз.
Апталық шолу
Дэвид Алленнің GTD кітабында апта сайынғы шолу «сәттіліктің маңызды факторы» деп көрсетілген. GTD жүйесін қолдануды бастасаңыз және мен сияқты қарапайым адам болсаңыз, біраз уақыттан кейін кейбір мәселелерге жолыға байстайсыз. Біз машина болмаағандықтан, кейбір істер “Келесі әрекеттер” тізіміне кірмей қалуы мүмкін немесе кейде бір тізімдерді толтыруды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Уайымдамаңыз, сіз жалғыз емессіз. Бұл жерде бізге көмекке апталық шолу келеді. Барлық жоспарды, істерді аптасына бір рет тексеру керек. Жұма мен дүйсенбі арасында отыз минут өзіңізбен кездесіп, шолу жасайсыз. Басыңыздағы артық ойларды “кіріс тізіміне” кіргізіңі, барлық тізімдерді тексеріңіз, жалпы өзіңіздің мақсаттарыңыз туралы ойланыңыз, әр мақсатңыз немесе жобаңыз бойынша міндетті түрде бір әрекетті “Келесі әрекеттер” тізіміне қосуды ұмытпаңыз. Апталық шолу бойынша мен карточка дайындадым, оны инстаграмнан көре аласыз.
GTD бойынша толығырақ білгіңіз келсе, Дэвид Алленнің кітабын алып оқыңыз. Бұл гайд https://hamberg.no сайтындағы ақпарат бойынша өңдедіп, дайындалды.
Sunday Apr 12, 2020
#95. "Oy-Detox" пен "Екі кесе" қонақта: подкаст туралы эпизод
Sunday Apr 12, 2020
Sunday Apr 12, 2020
Бұл ерекше эпизод. Бүгін бізге екі подкастер қонаққа келді. Әрине, карантин жағдайында кездесуіміз үйде емес, онлайн өтті. Бұл эпизодты толығымен подкастқа арнадық. Подкастты қалай жазасыз, тақырыптарды қалай таңдайсыз, қандай қосымшалар мен техникалық құралдарды пайдаланасыз, қандай жоспарларыңыз бар деген тәрізді сұрақтарды қамтыдық.
Анықтама.
1. Бэлла Орынбетова - Eki kese подкастының авторы және жүргізушісі. Eki kese - достар арасында шай үстінде айтылатын әңгіме жинағы. Бұл подкастта өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады.
2. Айнель Әмірхан - Oy-Detox подкастының авторы және жүргізушісі. Айнель өз подкастында қонақтарымен бірге ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейді.
Saturday Apr 04, 2020
#94. Әселхан Ахметова: Ақша психологиясы
Saturday Apr 04, 2020
Saturday Apr 04, 2020
Бұл эпизодтың қонағы - Әселхан Ахметова. Ол осыған дейінгі эпизодтарымыздың бірінде қонақ болған еді. Бұл эпизодта Әселхан өзінің қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қалай қалыптастырғаны, ақшаға қатысты көзқарасын қалай өзгерткені және қаржысын қалай жоспарлайтыны туралы баяндады. Сонымен қатар, қаржы тақырыбында сауатты қадамдар қабылдауда кімдердің ұсыныстарын тыңдайтыны, қолданатындығы туралы да бөлісті. Бұл эпизод сізге пайдалы болады деп үміттенемін.
Анықтама: Әселхан Ахметова - кәсіпкер, жоба менеджері. Бірқатар халықаралық жобалардың менеджері, IVLP түлегі
Saturday Mar 21, 2020
#93. Ғаламшар уақытша демалыста
Saturday Mar 21, 2020
Saturday Mar 21, 2020
Коронавирус туралы алғашқы хабарлар 2019 жылдың аяғында Уханьнан жетіп, дәл қазір 150-ден астам елге таралды. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцина жоқ және көптеген елдерде вирусқа қарсы тесттердің саны шектеулі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азаматтардың бірлескен іс-қимыл жасау қажеттілігін қайта қайта баса айтуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау агенттігі бүкіл әлемдегі адамдардан қолдарын үнемі жуып тұруды, көзге, мұрынға және аузына тигізбеуге, қоғамнан оқшаулануға және ыстық көтерілсе, жөтел немесе тыныс алу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді сұрауда.
Дәл қазір бұдан 20 күн бұрын көзімізге тіпті елестете алмайтын жағдайларды басымыздан кешіріп жатырмыз: маска киіп, үйге қажет заттарды, тамақтарды мүмкіндігінше алып, жоспарларланған шаралардан бас тартып, үйден жұмыс істеудеміз.
Алматы мен Нұрсултан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Бүгін құрбым Мөлдір екеуіміз осы сәттерде басымыздан өтіп жатқан оқиғалармен, сезімдерімізбен және жоспарларымызбен бөлісуді жөн көрдік. Сөйтіп онлайн байланыс арқылы осы эпизодты жаздық.
Sunday Mar 01, 2020
#92. Көктем: жаңару мен серпіліс
Sunday Mar 01, 2020
Sunday Mar 01, 2020
Көктемнің алғашқы күнімен! Ұзақ демалыстан кейін мен қайтып келдім. Бұрынғыдай ұзын уәделер бермей, үнсіз оралуды жөн көрдім.
Бұл эпизодты жаңаруға, тазаруға арнағым келеді. Бәріміз жылдың басын, жаңа жылды қарсы алғанды жақсы көреміз. Жоспарлар қоямыз, жаңа межелер белгілейміз. Алайда қыстың аязды күндерінен кейін ақырын қардың еруін бақылау, күннің көзін көру, шуағын сезіну бақытқа бөлейді. Ауада жаңа леп байқалады, өзгерістердің лебі сезілейтіндей. Сезесіз бе? Көктемнің алғашқы күндері - өмірімізді жаңартуға, жаңа ұзақ күндерді қарсы алуға дайындыққа арнайтын тамаша кезең.
Өзімізді тазарту дегенде ең алдымен өмірімізде жиі істейтін әдеттеріміз оралады. Біз үйімізді, жұмыстағы үстелімізді, үсті басымызды тазалаймыз. Біраз уақыт қарамай қойсақ өмірімізде жиі пайдаланатын заттарымыздың кірлеп, тазартылуды қажет ететінін білеміз. Алайда бұл біздің сыртқы ортамыз. Ал өзіміздің ішкі бөлігіміз ше? Ішкі дүниеміз, басымыз, жүрегіміз кірлемей ме? Оны тазалауға бола ма?
Айналамызда болып жатқан оқиғаларға байланысты біз өзгеріп, түрлі пішіндерге ие болып отырамыз. Басымыздан өтетін әр нәрсе бізге әсер етеді. Біз өзіміз ойлағаннан да көп ақпаратты өңдеп, өзімізге сіңіреміз. Таңертең көлік кептелісінде тұрып, уақытында жұмысқа жетпей қаламын ба деп бір мазаланамыз. Жай ғана елде болып жатқан жаңалықтарды оқу арқылы күрсінеміз. Ашу, ызалану, ренжу, өкпелеу, абыржу, мазалану, алаңдау, түсінбеу, бәрі бәрі соңында шешілсе де, жүрегіміз бен жанымызда із қалдырады. Ол іздер мен дақтарды уақытында тазалап, жібермесек, бізге жабысып қалуы мүмкін. Сөйтіп, біраз уақыттан кейін олар біздің қалыпты көңіл күйімізге әсер етеді.
Көктем тазалану мен қайта жаңару кезеңі. Аспан ашық, көкпеңбек. Осы сәтті қолданайық. Бақытқа, жақсы денсаулыққа, жан гармониясына ұмытылып көрелік. Ішкі жан дүниемізді қуантатын қадамдарды жасап көруге қалай қарайсыз?
Сыртқа көбірек шығайық, әлемнің қалай түрленгеніне назар аударайық. Күннің шуағы мен көктемнің ауасы сондай ерекше. Біраз далада жүргеннен кейін жеңілдеп қаласың. Табиғаттың, сыртқы әлемнің тылсым ауасы біздің аурадан биігірек, самал желдің ішіңдегі мазаңды алып жүрген ойларды алысқа қарай қарай ұшырып, алып кеткенін бақыла. Алуан түрлі түстердің айналамызды бояп, жаңа өмір мен үмітті меңзейтінін сезін. Осы бір тамаша өзгерістердің ортасында бол, табиғаттан шабыт ал, жаңа бастамаларға дайын бол.
Шығармашылықпен айналыс. Мамандығымыздың қандай болғанына қарамастан, әрқайсымыз шығармашылықпен айналысуға құқылымыз. Креативті талап ететін шығармашылық жұмыстар миымыздың жай күндері іске қосылмайтын бөліктерін қозғайды, ойландырады. Дәл кеше бірінші акварельмен сурет салуға бардым. Білесіз бе, акварель мен қылқаламды соңғы рет он жыл бұрын қолыма алған болармын. Қылқаламды суға салып, бояуды алғаннан кейін қағазға жүргізуге қорықтым, жүрексіндім. Біраздан кейін әлемнің барлығын ұмытып, бар ойым гүлдер мен олардың жапырағын салумен болды. Екі сағат бойы өзімнің күнделікті күйімнен алшақтадым, басқа статусқа ауыстым, басқа форматта өмір сүрдім. Өзіме жаңа көзбен қарадым. Сізге басқа істер де ұнауы мүмкін. Торт пісіріңіз, гүл өсіріңіз, ән айтыңыз, билеңіз. Үйде қолыңызбен бірдеңе жасаңыз. Қолымнан түк келмейді деген де болмайды. Болмасаңыз да ұқсап бағыңыз. Ең бастысы істеп көру, сол форматта біраз сәт өмір сүріп көру.
Әлеуметтік желіден, интернеттен алшақтап көріңіз, детокс жасаңыз.
Әлеуметтік желі арқылы сіз бен біз танысссақ, солар арқылы бүгін сіз менің даусымды естіп отырсаңыз да, кейде шынымен де өімірімзде тым көп орын алып кетеді. Біз көретін видеолар, фотолар, еститін дауыстар біздің өзіміздің ішкі даусымыздан тым қатты естіліп кетеді. Көп қолданатын желілерімізден сәл алшақтап, өзімізбен өзіміз өмір сүріп болып көрелік. Мүмкін өз даусымыз бізге бәрнәрсе айтқысы келетін болар?!
Дұрыс тамақтан. Мүмкіндігінше кемпірқосақтың түсіндей әр күні жаңа түстегі көкөніс пен жемітерді диетаға қосуға тырыс. Көбірек су іш.
Өзің мен жақындарыңа уақыт арна. Тыңда. Көбірек жаз. Шабыт ал. Шабыт алатын энергия көздерін тап.
Кездескенше. Келесі жолы сіз ойлағаннан да ерте кездесіп қалармыз.
Tuesday Aug 27, 2019
#91. Тоқтар Әлімбеков: Қоғамды өзгертетін, жауапты бизнес жүргізейік
Tuesday Aug 27, 2019
Tuesday Aug 27, 2019
Бүгінгі қонағымыз – Тоқтар Әлімбеков. Ол Шымкентте Chaplin’s … Толығырақ
Thursday Aug 15, 2019
#90. Айжан Ергешова: Біздің суперкүшіміз – біздің жүрегіміз
Thursday Aug 15, 2019
Thursday Aug 15, 2019
Бүгін бізде қонақта, Айжан Ергешова. Жүректен шыққан істері … Толығырақ