This is one of the first podcasts in Kazakh language on iTunes. This daily show presents the content on personal development, productivity, positive thinking and more. Start your day fresh! Бұл аудио подкаст күн шуағымен жарыса оянып, күнін жаңа идеямен, қуанышпен бастағысы келетіндерге арналған. Күніңізді әдемі, қуанышты ноталармен бастағыңыз келсе, менің аудио шоуларым таптырмас шешім (уәде беремін)!
Episodes
Thursday Nov 19, 2020
#103. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік таным
Thursday Nov 19, 2020
Thursday Nov 19, 2020
Біз "Тамаша жыл" кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология" кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді.
Әлеуметтік таным - бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.
Уақыт коды:
1:00 - Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?
2:28 - Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер
3:45 - Әлемді қалай түсінеміз?
4:10 - Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз
5:27 - Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді
9:18 - Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды
12:09 - Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі
13:34 - 100% дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз?
14:35 - Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз
16:00 - Адамдарды жіктеу: "өзіміз" vs "бөтен"
18:40 - Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст
19:00 - Бағалау салыстырмалы контексте жүреді
20:00 - Санамыздағы схемалар, модельдер
Comments (0)
To leave or reply to comments, please download free Podbean or
No Comments
To leave or reply to comments,
please download free Podbean App.