This is one of the first podcasts in Kazakh language on iTunes. This daily show presents the content on personal development, productivity, positive thinking and more. Start your day fresh! Бұл аудио подкаст күн шуағымен жарыса оянып, күнін жаңа идеямен, қуанышпен бастағысы келетіндерге арналған. Күніңізді әдемі, қуанышты ноталармен бастағыңыз келсе, менің аудио шоуларым таптырмас шешім (уәде беремін)!
Episodes
Thursday Mar 25, 2021
#109. Ақниет Байбоз: 200 доллармен басталған бизнес, докторантура және спорт
Thursday Mar 25, 2021
Thursday Mar 25, 2021
Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы - Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік.
00:00 - Ақниетті таныстыру
2:17 - Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым
3:34 - Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді
5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ ...
6:42 - Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді
7:00 - Барахолкаға барып, бизнес идеямды айттым: ол келісті
7:27 - Жарнамаға $200 салдық
8:08 - Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс - серіктестер
8:41- 2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық
10:20 - Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак
11:25 - Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік
15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады?
17:10 - Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек
20:00 - Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы
20:50 - Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды
23:00 - Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық
23:50 - Цех салғымыз келді, бәрі жақсы, бірақ ...
26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым
29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді
36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын
37:50 - Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым?
44:20 - Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді
50:10 - Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау.
55:40 - Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық
59:25 - Саяхат жасаудың үш деңгейі
01:02 - Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар
Saturday Mar 13, 2021
#108. Сценарист, продюсер Жамал Жақсытай: оқиғалардың коллекционерімін
Saturday Mar 13, 2021
Saturday Mar 13, 2021
Бүгін бізде қонақта сценарист, продюсер Жамал Жақсытай. Ол «Тағы да сүй», «Мұздағы жалын», «Таңшолпан», "Ұрлаудан басқа амал жоқ" тәрізді фильмдердің телехикаяларының түсіріліміне қатысқан, өз қолтаңбасын қалдырған.
Оның инстаграмдағы аккаунты: @baqytty_jamal
Уақыт кодтары:
02:10- Кино әлеміне сапар кездейсоқ ұсыныстан басталды
03:52 - Ұсыныс жіберген режиссер бұрынғы мектептегі мұғалімім еді
06:00- Тұрақты айлығы бар жұмыстан тәуекелге бел буып, нәтижесі белгісіз жобаға ауыстым
07:04- Қысқа мерзімдік пайда vs ұзақ мерзімді инвестиция
09:25 - Кішкентай кезімде журналист боламын деп ойлайтынмын
10:54 - Камераның сыртындағы жұмыс маған ләззат сыйлайды
13:08 - Осы саладағы университеттерге қарнымның ашуының бір себебі ...
14:04 - Студенттер жұмыс істеу үшін көбіне дипломын күтеді
16:40 - Сценарий жазудың өз ережесі бар, үйрену керек, оқу керек
19:05 - Сценарийді ұйымдастыруда кайдзен жүйесін де қолданамын
22:10 - Өмірде болып жатқан оқиғаларға, жаңалықтарға бәріне назар аударуға тырысамын
23:15- Оқиғаларға дәмдеуіш іздегенде, коллекцияма қараймын
24:10- Сценарий жазып жатқанда достарым хабарласып қалса, аттарын кездейсоқ фильмде кездестіруі мүмкін :)
25:10 - Сценарий жазғанда сол саладағы фишкаларды зерттеймін
27:02 - Әр серияның соңындағы интрига маңызды
30:04- Плагиатқа қарсымын, ұнатпаймын. Алайда білгеніміз бен көргеніміз туындымызда қолтаңба қалдыруы мүмкін.
32:40 - Әсіресе америкалық сериалдарды және триллер жанрындағы киноларды көргенді ұнатамын
33:50 - Таңшолпан телехикаясын әдейі жарылуыға дейін 9 секунд қалған кадрмен аяқтадық
35:08 - Таңшолпан телехикаясын студиядан бір жарым ай бойы шықпай жаздық
39:36 - Сүйікті жұмысыңда шаршау да бір бақыт, ләззат сыйлайды
42:17 - Әр жобаны біткеннен кейін өзіңнің өскеніңді байқайсың
43:05- Сәл қиялшыл халықпыз, армандағанды жақсы көреміз
45:10 - Хикаяны қолымнан келгенше жазуға тырыстым.
45:54- Елдегі кино түсірудегі қиындықтар
48:25 - Продюсерлік жұмыс, өзімнің талапшыл екенімді байқадым
53:08 - Кадр деген тарих, ол жерде қателесуге болмайды
53:39 - Сценарий жазу бойынша марафорн, курстар
56:10 - Бақытты Жамал
57:30 - Алдағы жоспарлар
Monday Jan 11, 2021
#107. Хеллоу 2021: жоспарлар мен мақсаттар
Monday Jan 11, 2021
Monday Jan 11, 2021
Бұл эпизодқа сіздер бұрыннан таныс Жадыра (#105 эпизод), Индира (#103 эпизод ) және Динара (#102, #99 эпизодтар) қатысты. Біз 2020 жылдың соңғы күндері жиналып, 2021 жылдағы мақсаттарымызбен және жылды жоспарлау жолдарымызбен бөлістік. Эпизод әдеттегіден өзгеше, себебі ұзағырақ және табиғи әңгімелесу форматында болды.
Уақыт кодтары:
00:00 - Қыздармен танысу (яки олардың дауысымен танысу)
06:04 - Динараның буллет журналы
08:26 - Индираның 2021 ж жоспарлары
11:09 - Жадыраның 2020 жылдан алған басты сабағы
13:18 - Университет бітіргеннен кейін екі жылдан кейін қайта надан адам боласың. Үздіксіз білім маңызды.
13:56 - Талшынның жоспарлау әдісінің эволюциясы: Filefox --> Roam Research
26:02 - Онлайн құралдардағы қауіпсіздік мәселесі қорқытпай ма? Қолжетімді басқа адамдардың миы, "білім бақшасы"
36:35 - Динараның 2021 ж жоспарлары (әсіресе, антропология туралы подкаст)
45:46 - Жадыраның 2021 ж жоспарлары (әсіресе, лингвистика туралы подкаст)
48:45 - 4 адам, 3 подкаст
49:00 - Білгенмен бөлісу - парыз
52:33 - Талшынның 2021 ж жоспарлары
53:41 - Динараның Zero waste челленджі
57:16 - Жадыраның тағы бір мақсаты
59:30 - Өмір дизайны. Қалаған адамға айнала аламыз.
01:02 - Индираның жазу челленджі
01:04 - "The art of thinking clearly" кітабы
01:05- Тілектер
Saturday Dec 12, 2020
#106. Мадина Қарсақпаева: инклюзивті білім жайлы
Saturday Dec 12, 2020
Saturday Dec 12, 2020
Мадина Карсакпаева инклюзия саласының сарапшысы, маманы. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдем беретін түрлі коммерциялық емес ұйымдарда ағылшын және компьютерлік сауаттылықты үйрету бойынша ерікті, волонтер болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласында ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу жөніндегі үйлестіруші болып та қызмет атқарған. Қазақстандағы Британ кеңесінде тең мүмкіндіктер мен әртүрлілік саясаты бойынша үйлестірушісі, осы бағытта да ЮНИСЕФ-тің Будапештегі жобасына да қатыстқан.
Алдында пайда болған қиындықтарға қарамастан, Мадина өзіне керекті тәжірибені, білімді ала білген. Мадинаның жалпы өмірлік ұстанымдары, жекелеген ақпаратттар қызықты болса, әріптес подкасттардан да тыңдай аласыз. Ал бүгінгі эпизодта біз оның білім алу тәжірибесі мен жалпы инклюзивті білім саласының дамуын талқылаймыз.
Уақыт кодтары:
00:00 - Қонақты таныстыру
02:33 - Мен бакалавриатқа түскенде университеттер дайын емес болды: сырттай оқыдым.
03:05 - Отбасым ағылшын тіліне деген құштарлығымды ерте байқады
04:44 - Бакалавр дипломы ол кезде маған ол жетістік болып көрінді
06:29 - Эразмус Мундус бағдарламасымен оқуға түскен, ерекше қажеттілігі бар қазақстандық алғашқы студент болдым.
09:30 - Европадағы оқу орындарының инфрақұрылымы
10:34 - Европалық университет барлығын алдын ала ұйымдастырды
11:23 - Лондонға келгендегі алғашқы күндер. Адаптация
12:16 - Норвегиядағы Осло университетіндегі тәжірибе
14:44 - Адам баласы әртүрлі болады, оны қабылдауымыз керек
17:10 - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың 5%-ның ғана ЖОО білімі бар
18:00 - Университеттердегі ресурстық орталықтар
18:52- Пандемия жағдайында мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру
22:24 - Инклюзия тәрбиемен келеді
23:24 - АҚШ та оқып жұргенде де ресурстық орталықтар жайлы зерттедім
25:31 - Студентке бағытталған білім жүйесі
26:35 - Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғайтын ұйымдар жайлы
28:27 - Қарапайым азамат ретінде инклюзияны қалай дамыта аламыз?
33:06 - Адам өз өзін қабылдауды үйренуі керек
34:12 - Біздің әртүрлі болуымыз бізді алға дамытады
34:50 - Жоспарларыңыз қандай?
38:06 - Ата-анама алғыс айтамын
Tuesday Dec 01, 2020
#105. Жадыра Кеңесбек: көп тіл білуім көп мүмкіндіктер сыйлады
Tuesday Dec 01, 2020
Tuesday Dec 01, 2020
Бүгін біз көп тіл білу, үйрену тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі біздің қонағымыз - Жадыра Кеңесбек. Жадыра да дәл алдыңғы қонағымыз тәрізді бірнеше тілді жетік меңгерген, онымен қоса оның негізгі маманданған саласы: физика. Инстаграмдағы аккаунты: @jadyra.kenesbek
Жадыра ағылшын, қытай, араб, түрік, қазақ және орыс тілдерін біледі. Қазіргі таңда Гонконгте физика мамандығы бойынша докторантурада оқиды, оған дейін ҚазҰУ-де білім алған. Жадырамен қараша айының басында тауда таныстық. Оның бірнеше тілді білетіні, тілді қалай хобби ретінде қосымша дамытып жүргені мені өте қызықтырды. Ең қызығы, пандемия кезінде Жадыраның Қытайдағы лабораториясы уақытша жабылғаннан кейін, Жадыра елге оралып, қытай-ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен айналысуда. Синхронды аударма деген сөзді естігенде менің басым айналып, ауырып кетеді. Бұл -белгілі бір кәсібиліктің биігіндей. Бүгін осы тамаша қыздан интервью аламыз.
Уақыт тэгтері:
00:26 - Жадыра қандай тілдерді біледі?
01:15 - Жадыра жайлы жалпы ақпарат
02:09 - Өзімді тіл үйренуші энтузиаст деп білемін
02:23- Араб тілін медреседе үйрендім
03:22 - Түрік тілін мектепте тарих, география пәндеріне қызығу арқылы үйрендім
04:27 - Қытай тілін үйренуім кездейсоқ, қызық оқиғадан басталды
07:10 - Қытай тілін кейін докторантурада оқып жүргенде жетілдірдім
08:10 - Профессорымнан қытай тілін үйрену үшін 2-3 сағатқа босатуын сұрадым
09:22 - Тілге, сол елдің мәдениетіне деген үлкен қызуғышылық керек
10:15 - Үйренетін жақсы кітап керек
10:53- Тіл үйренуді аз болса да, күнделікті тұрақты әдетке айналдыру керек
12:30- Тілдің бір пайдасы - білім алу мүмкіндігі
13:02 - Тіл білу пандемия кезінде маған жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік берді
15:45- Синхронды аударма кезіндегі күтпеген оқиғалар
20:03- Тілді үйренуді тыңдаудан бастаймын
21:11 - Ешқашан аудармау керек: күнделікті қолданылатын сөздерді үйренемін
22:15 - Біздің миымызы маңызды емес деп санайтын ақпаратты ұмытуға бейім
23:11 - Грамматиканы соңына қарай үйренемін
24:08 - Адам өз өмірінде миға байланысты бір кітап оқу керек
24:17 - Space Repetition әдісі
25:39 - Дыбыстарға үйрену, дыбыстармен үйрену
26:54- Тәжірибемен контексттен түсіне бастайсыз
28:22 - Тіл білу арқылы саяхаттаудың артықшылықтары
29:24 - Неліктен Қытайға саяхат қызықтырды?
31:34 - Гонкогта білім алу қаншалықты сізді өзгертті?
32:18 - Қолыңнан келмесе, оған уайымдама
34:16 - Дағдарыс: жаңа мүмкіндіктер
37:53 - Жақында француз тілін үйренуді бастадым
40:05 - Араб тілінің өміріңіздегі орны
40:58 - Әр тілде әр түрлі адамсыз ба?
42:30 - Адамдарды түсіну оңайлай түседі
44:05 - Тіл білу қартаюды тежейді
44:50 - Әлі талай тіл үйренгім келеді
Thursday Nov 26, 2020
#104. Мәди Базылбек: қалай көп тілді үйренуге болады
Thursday Nov 26, 2020
Thursday Nov 26, 2020
Бүгін және келесі эпизодта көп тіл білетін тамаша жандармен сұхбат құратын боламыз. Бір екі тілді үйрене алмай, әзер алып жүргенде, бірнеше тілді өз еркімен, өз қызығушылығымен үйреніп, барлығын қатар алып жүргендер арнайы сиқырды, таңғажайып формуланы біле ме екен деген сұрақ мені мазалады. Бірнеше тілді қалай үйренсе болады? Бүгін осы сұрақтарды Мәди Базылбекке қоятын боламыз.
Мәди Базылбек - қазақ, орыс, ағылшын, жапон, испан, түрік тілдерін білетін полиглот, тіл менторы. Инстаграмдағы аккаунты: @madee.fazl
Уақыт тэгтері:
00:52 -- Мәди қандай тілдерді біледі?
02:03 --Көп тіл білу үшін жас кедергі емес
03:15 -- Тіл үйренудегі алғашқы қадамдар/білім жолы
06:20 -- Неліктен жапон тілі?
08:53-- Не үшін испан тілі?
11:10 ---Не үшін түрік тілі?
13:46 --Тіл үйренуді қалай бастаған жөн?
22:31-- Кез келген адам кез келген нәрсені үйрене алады. Бірақ үйренуді қалай үйренуге болады?
28:44 -- Испании мен түрік тілдерін өз бетінше қалай үйрендіңіз
34:01 --Әр тілмен әр түрлі адамсыз ба?
38:55 --Бұл тілдерді күнделікті өміріңізге қалай ендіресіз?
44:15 --Оқып жатқан кітаптарыңызды тіл үйрену үшін қолданасыз ба?
50:12 --Тілді үйрену мен үйретудің айырмасы қандай?
53:50-- Тілді үйренуге қатысты маңызды бес кеңес
Thursday Nov 19, 2020
#103. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік таным
Thursday Nov 19, 2020
Thursday Nov 19, 2020
Біз "Тамаша жыл" кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология" кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді.
Әлеуметтік таным - бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.
Уақыт коды:
1:00 - Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?
2:28 - Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер
3:45 - Әлемді қалай түсінеміз?
4:10 - Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз
5:27 - Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді
9:18 - Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды
12:09 - Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі
13:34 - 100% дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз?
14:35 - Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз
16:00 - Адамдарды жіктеу: "өзіміз" vs "бөтен"
18:40 - Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст
19:00 - Бағалау салыстырмалы контексте жүреді
20:00 - Санамыздағы схемалар, модельдер
Monday Nov 16, 2020
#102. Көпке ұмтылған жалғыз: Үгіт-насихат. Агрессия мен жақсы көру
Monday Nov 16, 2020
Monday Nov 16, 2020
Тамаша жыл" кітап клубының тамаша мүшелерімен бірге қазан айында Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның Social animal кітабының қазақша нұсқасын оқыдық. Оқулықтың қазақша атауы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе». Кітапты аударған: Ұлттық Аударма Бюросы. Кітап Рухани жаңғыру бағдарламасының аясындағы Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша 2018 ж шығарылған. Бұл эпизодта осы кітаптан өзімізге алған, түсінген ойлармен бөлісетін боламыз. Ыңғайлылық үшін әрбірімізге кітаптың бір тарауы берілген болатын.
Бұл эпизодта келесі тараулар талқыланды:
- Бұқаралық коммуникация: үгіт-насихат және иландыру
- Адамға тән агрессия
- Ұнату, жақсы көру және тұлғааралық сезім
Ал "Әлеуметтік таным" тарауын Индира келесі эпизодта талдайтын болады.
Wednesday Nov 11, 2020
#101. Идеяңмен әлемді бағындар: креативті экономика
Wednesday Nov 11, 2020
Wednesday Nov 11, 2020
Бұл эпизодта креативті экономика тақырыбын талқылайтын боламыз. Бұл экономиканың жаңа секторына қандай салалар кіретінін, оның маңыздылығын, Қазақстандағы креативті экономиканың дамуы мен Британ Кеңесінің жүргізіп жатқан Creative Spark бағдарламасын талдайтын боламыз. Эпизодқа экономист Айжан Мұқышбаева, Британ Кеңесінің маркетинг үйлестірушісі Айжан Рымбаева, Creative Spark Big Idea Challenge конкурсының қазақстандық жеңімпазы Мәртебе Әбділда, осы конкурстың технология санаты бойынша финалисі Нұрболат Тілеубай және т.б. керемет адамдар қатысты. Эпизодты тыңдап, креавтиті экономикада кәсібіңізді дамытарсыз деп үміттенеміз.
Бұл эпизодтың серіктесі: Қазақстандағы Британ Кеңесі.
Уақыт сілтемелері:
00:00 -Кіріспе
01:20 - Креативті экономика тақырыбын таныстыру.
01:52 - Креативті экономика сауалнамасы
03:45 - Эпизодтың жоспары. Эпизод серіктесі - Қазақстандағы Британ кеңесі
04:30 - Экономист Айжан Мұқышбаева: Креативті экономика деген не? Оның ерекшелігі неде?
05:48 - Қазақстандағы Британ кеңесінің өкілі Айжан Рымбаева: Креативті экономика деген не?
06:29 - Экономист Айжан Мұқышбаева: Креативті экономикаға қандай салалар кіреді?
07:12 - Жүргізуші: Креативті экономиканың қалалардың дамуындағы рөлі
08:53 - Экономист Айжан Мұқышбаева: Қазақстандағы креативті экономиканың рөлі
12:49 - Жүргізуші: Қазақстандағы Британ кеңесінің Creative Spark жобасы
13:50 - Қазақстандағы Британ кеңесінің өкілі Айжан Рымбаева: Creative Spark жобасының ерекшелігі
15:49 - Қазақстандағы Британ кеңесінің өкілі Айжан Рымбаева: Британ кеңесінің креативті экономиканы дамуына үлес қосуының себебі
17:00 - Creative Spark Big Idea Challenge конкурсы туралы жалпы ақпарат
17:41 - Creative Spark Big Idea Challenge 2020 конкурсының Қазақстандық жеңімпазы Мәртебе Әбділданың таныстыру
18:53 - Мәртебе Әбділданың More than music жобасы туралы ақпарат
24:18 - Мәртебенің домбыраны таныта отырып, өзінің кәсібін табуы
25:20 - Мәртебенің жарыстан алған әсері және алдағы жоспарлары
31:12 - Creative Spark Big Idea Challenge конкурсының қатысушысы Нұрболат Тілеубайдың жарысқа қатысу себебі, дайындық кезеңдері
35:02 - Creative Spark жобасы бойынша қандай мүмкіндіктер бар
36:59 - Экономист Айжан Мұқышбаева: креативті экономиканы дамыту себептері
42:01 - Жүргізушінің қортындысы
Thursday May 21, 2020
#100. Жүзге дейін санашы
Thursday May 21, 2020
Thursday May 21, 2020
Сонымен жүзінші эпизод. Не үйрендім? Не түйдім?
- Біріншіден подкастты жазуды бастағаныма, тоқтамағаныма өкінбеймін. Қуанамын, мақтанамын. Бес алты ай үзіліс жасағаннан кейін, қоштасу эпизодын жазып, бәрін бітіремін деп ойлаған кездерім де болды. Тіпті ол эпизодқа текст те жазып қойыппын. Қолым тимегендіктен, ол эпизод жарыққа шықпапты. Солай болып шыққаны дұрыс болды деп ойлаймын. Себебі дәл қазір жүзінші эпизодты жазып, сіздің оны тыңдап отырғаныңызбен шексіз мақтанамын.
- Екіншіден, күнделікті қарапайым өмір бізді кішкентай әсер аймағымен шектейді. Ал подкаст арқылы қазақ тілін түсінетін әлемнің төртбұрышындағы сіздермен байланыса алатынымды түсіндім. Бір бөлменің бұрышында кішкентай ғана микрофонмен жазылған ақпарат әлемді шарлап, сіздің құлағыңызға жетуі таңғажайып емес пе?
- Үш жыл көзді ашып жұмғанша өтіп кеткеніне қарамастан, әр күннен, айдан, жылдан белгілердің қалғанын және әр эпизодқа қарап, өзімнің не сезінгенімді еске түсіремін. Әр тақырып нарықтың талабымен емес, ойландырған тақырыптардың айналасында болғандықтан, барлығы мен үшін жылы. Кейде тіпті ойды ой қуып, өзім күтпеген тақырыптарға кезіккен де жағдайлар бар.
- Подкастты бастағанда ойым жүйесіз, әр тақырып бойынша айтарым аз болып көрінетін. Алайда подкасттың арқасында ойым жүйелене түсті, кемелдене түстім, ол тіпті қазіргі дауыс интонациямнан байқалатын болар. Өздеріңіз бағалайсыздар ғой, оны?!
Мұның бәрін не үшін айтып жатырмын дейсіз бе? Себебі мені тыңдап тұрған сіздің жүрегіңіз қалаған істі, хоббиіңізді тастамай, алып жүргеніңізді қалаймын. Көзіңізді жұмып ойлағанда, өзіңізді қалай елестетесіз? Немесе кейде осындай болғанымда деп ойлап қоятын, бірақ бастамайтын ісіңіз бар ма? Сол істерді күттірмей, өзіңіз қалаған әлемге бір қадам басуға “иә” деп жауап берсеңіз қалай? Суперқаһарман міне мұрныңыздың астында, ол - сізсіз. Өзіңіз білетін ең мықты, ең батыл адам болыңыз. Өзіңіздің қаһарманыңыз бол.
Уақыт қалайда өте береді. Оның тоқтамай, тыныш бізді күтіп тұратын сәті болмайды. Жүрегіңіз қалаған істі істеуге асығыңыз. Ол іс сізге шаттық пен қуаныш, өміріңізге мән сыйласа қандай тамаша. Ал бұл ол ары қарай өзіңізге ғана емес, басқалардың өміріне де мән сыйласа, өмірлерін жақсартса, қандай тамаша …
Подкаст ары қарай не болады десеңіз, подкаст өзінің бастапқы миссиясын жалғастырып, қосымша даму құралын болғанын қалаймын. Енді эпизодтың сапасы мен берілетін ақпарат көлеміне көбірек көңіл бөлетін боламын.
Бұл подкастқа үлес қосып, көмек беремін десеңіз, Тамаша жыл подкастының мүшесіне де айнала аласыз. Ол үшін salem@talshyn.com-ға немесе инстаграмда хат жазсаңыз жеткілікті. Маған тақырып анықтау, интервью алу, жазу, өңдеу, тарату, SMM бойынша көмек немесе кеңестер қажет.
Осы жылдар бойы берген пікірлеріңіз маған шабыт берді, ал кейбір хаттар менің көңілімді босатып жіберетін. Осы жылдар бойы тыңдап, достарыңызбен бөліскеніңізге, медиада айтып, көпшіліктің назарына ұсынғандарыңызға, жылы хабарламаларыңызға шексіз, шексіз алғыс.
Подкаст жалғасады. Жүзге дейін емес, мыңға дейін де санағанымды қалаймын, армандаймын.
Ізгі ниетпен және сүйіспеншілікпен,
Талшын